Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

KEGOC апаттық режим туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

15 желтоқсан 2022, 18:56

"KEGOC" АҚ Қазақстанның энергожүйесінің бірқатар аймақтарында апаттық режим енгізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін электр энергиясы тұтынысына шектеулер енгізе отырып, энергия жүйесінің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймақтары бойынша апаттық режим жариялағаны туралы ақпарат пайда болған еді.

 

"KEGOC" АҚ баспасөз қызметі 15 желтоқсанда "апаттық" режим жарияланбағанын нақтылап айтты.

 

"Апат" режимі Қазақстан – Орал мемлекетаралық түйісу желісіне шамадан тыс жүктеменің түсуіне, ҚР энергожүйесінде 1 мың МВт-тан астам көлемде қуат тапшылығының орын алуына байланысты 8 және 14 желтоқсанда Солтүстік және Оңтүстік энергетикалық аймақтарда жарияланды" – деп мәлімдеді "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі.

 

Компанияда атап өткендей, болашақта "Апат" режимі мемлекетаралық және өңіраралық электр беру желілерінде авариялық шамадан тыс жүктемелер түсу кезінде туындайтын Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің қалыпты жұмысының бұзылу қаупі төнген кезде ғана енгізілетін болады.