Келіншек бір жасқа толмаған сәбиін көзтаныс әйелге тастап кеткен

02 сәуір 2018, 19:10

Ақтөбеде жасқа толмаған баласын танысына тастап кеткен ананы полиция қызметкерлері іздеп тапты. Келіншек алыс танысына баланы қарай тұруға өтінген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Облыстық ІІД мәліметінше, 26 наурыз күні ақтөбелік тұрғын алыс танысының баласын қалдырып кеткенін айтып, арыз жазған.

"26 наурыз күні ақтөбелік тұрғын жазбаша арыз қалдырды. Оған қатты таныс емес келіншек 2017 жылы туылған баласын қарай тұруға қалдырып кеткен. Келіншектің қайда кеткені белгісіз қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Жедел іздестіру нәтижесінде баланың анасы жеткізілді", - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Анасы басқа үйге тастап кеткен бүлдіршін қазір "Үміт" сәбилер үйінде тұрып жатыр.