Кен орнында вагон-цистерна жарылып, бір адам қаза тапты

21 тамыз 2023, 18:13

Қызылорда облысында “Ақшабұлақ“ кен орнындағы  өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында “Ақшабұлақ” кен орнында цистерна жарылып, өрт болды.

 

Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды. 

 

ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән – жайлар анықталуда.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz