Кеше үйленген жігіт екі досымен Каспий теңізіне батып кетті

18 мамыр 2022, 09:21

Суға кеткен үш ер адамның денелері табылып, судан шығарылды. Олардың біреуі 15 мамырда ғана үйленген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облысының ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадіров мәлімдеді.

 

ТЖД құтқарушыларының күшімен 19:58-де 1999 жылы туған Қарағанды тұрғынының денесі шығарылды, ал 21:36-да 1999 жылы туған тағы бір Қарағанды тұрғынының денесі шығарылды. Сағат 22:07-де 23 жастағы Ақтау тұрғынының денесі шығарылды.

 

Бекболат Әбдіқадіровтің сөзінше, суға кеткендердің бірі 15 мамырда үйленген.

 

- Қарағандының екі тұрғыны суға кеткен ақтаулықтың тойына келген. Белгілі болғандай, екеуі шомылу туралы шешім қабылдаған. Қалған екеуі оларды құтқармақ болып суға секірген. Достарын құтқармақ болғандардың бірін куәгерлер судан шығарып алды. Ол 26 жастағы Бейнеу тұрғыны. Қазір оның жағдайы қалыпты, дәрігерлер тексерістен соң оны үйіне жіберді, - деді Б.Әбдіқадіров.

 

Оқиға орнында спирттік ішімдіктер анықталған.