Оқиға

"Кесіп тастады": Алматыда "Яндекс" такси жүргізушісі жолашуға шабуыл жасаған

  • "Кесіп тастады": Алматыда "Яндекс" такси жүргізушісі жолашуға шабуыл жасаған

Алматылық әйел өзіне такси жүргізушісінің шабуылдағаны туралы айтты. Яндекс такси жүргізушісінің әрекеті жұртты шошытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл оқиғаға қатысты жазба Facebook парақшасында кең таралып кетті.  Жәбірленушінің сөзіне қарағанда, такси жүргізушісі оны баратын жеріне жеткізуден бас тартып, пышақпен қолын тіліп тастаған. 

 
Бойжеткен оқиғаның үш апта бұрын болғанын, бірақ жүргізушісі әлі ұсталмағанын жазады.

"Мен сіздерге бұл адамның қоғамға қауіпті екенін айтқым келеді. Ол өзінің кінәсін мойындамады және полиция бөліміне шақырту бойынша келмеген. Ол әлі қамауға алынған жоқ. Қатты қорқып кеткендіктен, мен оған ақшаны тезірек төлеп, құтылғанша асықтым. Жүргізуші мені белгіленген жерге дейін апармады. Оған қоса ашуланып, маған қол көтеріп, қолымды кесіп тастады", - дейді ол. 

"Өкінішке орай, өазір қолымнан ештеңе келмей отыр және не істеу керектігін білмеймін. Сол себепті қоғамға қауіпті адамның түрін көрсеткім келеді" - деп жазды Құралай.

Такси қызметтерінің құқығын қорғау басқармасы мән-жайды түсіндірді.

"Қазір жүргізуші жүйесі бұғатталды. Бірақ ол тұтынушыны көрсетілген мекен -жай бойынша апарып тастағаны нақтыланды. Жолаушының айтуынша ешқандай қару болмаған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтауы керек", - дейді олар. 

Алматы полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 12:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31