Оқиға

«Көкшетау-Алтынтау» кенішінде экскаваторшыны 8 тонналық тас басып қалды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Ақмола облысындағы «Көкшетау-Алтынтау» кенішінде дәу тастың астында қалып мерт болған 25 жастағы экскаваторшы Мадияр Төлеубековтің өліміне кәсіпорын басшылары кінәлі деп танылды. Зеренді аудандық соты кен орнындағы жұмысқа жауапты 3 басшыға үкім кесті.


Құрылыс кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтамағаны, абайсызда адам өліміне әкеліп соққаны үшін деген айып тағылған кеніш бастығы мен учаске бастығы және тау-кен шебері 2 жылдан шартты түрде бас бостандығынан айырылды.


Сондай-ақ, олардың түрлі мекемелерде еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге, тау-кен жұмыстарын ұйымдастыруға 1 жыл бойы құқығы болмайды.


Еске салсақ, бір жыл бұрын кен орнында жұмыс істеп жатқан экскаватордың үстіне тау қыртысынан бөлінген 8 тоннадай алып тас құлаған. Тастың астында қалған Мадияр Төлеубеков бірер күннен соң қайтыс болды.


ktk.kz





Көрілген: 862    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 10:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30