Оқиға

Көкшетауда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

  • Көкшетауда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

    Көкшетауда 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Көкшетауда шешесі асүйде тамақ жасап жүрген кезде екі жасар бала үйдің бесінші қабатынан құлап кеткен. Бас сүйегі жарақттанған және миы шайқалған бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

4 қазанда Ақмола облыстық жедел жәрдем қызметінің фельдшері Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне телефон шалып, облыстық көпбейінді балалар ауруханасына «жабық ми сүйегі жарақаты және миы шайқалған және ашық іш жарақаты» деген диагнозбен 1 жас 11 айлық баланың жеткізілгенін хабарлаған.

«Балақай көп қабатты үйдің бесінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Сағат күндізгі 14:15 шамасында баланың терезе алдына шығып, москит сеткасына сүйене бергенде құлап кеткені анықталды. Баланың анасы бұл уақытта асүйде түскі ас әзірлеп жүрген. Баласының терезеден құлап кеткенін көршісі жеткізіпті», &ndash деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, баланың жағдайы қалыпты ауыр. Балаға ота жасалған. Әзірге ешқандай болжам бере алмайтынын жеткізді.

Қазір аталған факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы (Адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерде тиісті түрде орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары бастаған.

aikyn.kz




Көрілген: 690    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 18:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30