Оқиға

Көкшетауда 20 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

  • http://kaluga24.tv/

    http://kaluga24.tv/

Ақмолалық полицейлер үйден шыққан күйі оралмаған жиырма жастағы қызға іздеу салды. Қайда кеткенін үй ішіне де айтпаған қызды іздеуге қазір облыстың барлық тәртіп сақшыларымен қатар ерікті адамдар да жұмылдырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін Көкшетау қалалық полиция басқармасына жүгінген 51 жастағы әйел 2000 жылы 17 қыркүйегінде дүниеге келген қызы Айшолпан Маратқызы Сыздықованың кеше күндіз үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмағанына арызданған. Полиция қыздың хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы арыз түске соң бірден жедел іздестіру шараларын бастады. Қыздың әріптестерінен, туған-туыстары мен көршілерінен, достары мен таныстарынан жауап алынды. Олардың айтуынша, қыздың ешқандай артық қылығы болмаған. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласындағы барлық бейнебақылау камералары тексерілуде. Тәртіп сақшылары қаланың жан-жағын түгел тінтіп, қызды іздеуге кірісті», - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук. 


Айшолпан үйден шыққан кезде  қызғылт түсті капюшонды спорттық костюм, қара түсті шалбар және қара түсті крассовка киген. Бойы шамамен 165-166 сантиметр, орташа денелі, шашы ұзын қара түсті иығына дейін сарғыш жолақтары бар, көзі қоңыр. Ерекше белгісі - қолында күйік белгілері бар. 

Із-түзсіз жоғалған қызды іздеуге Ақмола облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен ерікті азаматтар да жұмылдырылған. Полиция хабар-ошарсыз кеткен қыздың қайда екенін болмаса қандай да бір ақпарат білген адамдар болса, 102 арнайы желісіне хабарласуды сұрайды. 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 00:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30