Көкшетауда анасы сыртынан құлыптап кеткен бала ажал құша жаздады
Көкшетауда кәмелетке жасқа толмаған бала газға уланып, қаза таба жаздады.
Оқиға өткен тәулікте болған.
Дүкенге азық-түлік алуға шыққан анасы баласын сыртынан жауып кетеді. Ал ол уақытта газ плитасының үстінде тамақ пісіріліп жатқан.
Қайта келген келіншек есікті аша алмай, құтқарушыларды шақыртады. Мамандардың көмегімен ішке кіргенде үй көк түтінге оранып жатқан.
Нәтижесінде құлағы естімейтін бала түтінге уланып, әрі қатты шошып қалады.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.