Оқиға

Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

  • Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

    Көкшетауда бір топ адамның төбелесі видеоға түсіп қалды

Көкшетауда он шақты ер адамның төбелесі видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2 тамызда Көкшетау қалалық ПБ ЖБО бейнебақылау кезекші инспекторы мониторинг кезінде Абай және Тәшенов көшелерінің қилысында 8 ер адамның төбелесіп жатқанын көрген. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальоның қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жіберілді.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, жергілікті бес адам жазғы дәмханалардың бірінде әуе-десанты әскерлерінің күнін атап өткен. Отырыс кезінде өзге үш адаммен сөзге келісіп қалған топ сыртқа шығып, мәселені шешпек болған.

Тәртіп сақшылары ер адамдардың бұзақылық әрекетінің жолын кесті, төбелеске қатысушылардың барлығы Көкшетау қалалық ПБ жеткізілді. Осы жағдайға байланысты ҚР ҚК 293 бабының 2 бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жыл басынан бері Ақмола облысында бейнебақылау камерасы арқылы 150 астам қылмыстың беті ашылды.

 

BAQ.KZ




Көрілген: 726    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.08.2020, 08:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30