Оқиға

Көкшетауда жарылыстан тұрғындар зардап шекті (фото)

  • Фото: Ақмола облысы ТЖД

    Фото: Ақмола облысы ТЖД

Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Төтенше жағдай Көктем шағын ауданында болған.

 

Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтер иелері орталық газ болмаған кезде баллонды пайдаланған. Ал орталық газды қосқанда жарылыс болған.

 

Оқиға салдарынан екі әйел жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, үш пәтерге зақым келген.

 

 

Төтенше жағдай Көктем шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтер иелері орталық газ болмаған кезде баллонды пайдаланған. Ал орталық газды қосқанда жарылыс болған.

 

 

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті болған жағдайды растады.

 

"12 қазанда сағат 19.05-те Көктем шағын ауданы, 5А мекенжайы бойынша 25-пәтерде газ жарылды. Соның салдарынан 24-ші және 14-ші пәтерге зақым келді. Төтенше жағдай кезінде екі әйелді күйік шалды. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар.

 

Өрт сөндірушілер газ баллонының неден жарылғанын анықтауға кірісті.

 

Айта кетері, Көкшетауда ондаған пәтерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Оларға "Газ Қызмет" қызмет көрсетеді. 12 қазанда компаниясы газ реттеу қондырғыларын сұйылтылған газбен толтыра бастады.

 




Көрілген: 269    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 17:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31