Оқиға

Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың денесі табылды

  • Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың денесі табылды

    Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың денесі табылды

Көкшетауда жоғалған 13 жасар қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«28 тамыз сағат 17:45 кезінде Көкшетау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Краснояр кентінен 5 шақырым жердегі орман алқабынан жоғалған жасөспірім Әйгерім Хайдарованың жерге көмілген денесін тапты» деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетейік, жасөспірім Әйгерім Хайдарова сезін күннен бері табылмай жатқан болатын.

Осыған байланысты полиция Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Еске сала кетейік, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгінген. Анасының айтуынша, Әйгерім 20 тамыз сағат 15:00 шамасында Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен.

Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі.

Қызды іздеу жұмыстарына 100-ден астам полиция, 20-дан астам құтқарушы және 30-дан астам Ұлттық гвардия 5510 әскери бөлімінің сарбазы, 350 волонтер жұмылдырылған еді.




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 22:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31