Оқиға

Көкшетауда көлікке орнатылған газ баллоны жарылды – видео

  • © Sputnik

    © Sputnik

Көкшетауда автокөліктегі газ баллоны жарылды. Оқиға газ тарату қондырғысынан бір-екі қадам жерде болған. Көліктің қосалқы бөлшектері аулаға қарай ұшып кеткен, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

14 мамырда Көкшетаудағы аулалардың бірінде тұрған көліктің газ баллоны жарылды. Әрі қарай өрт болған жоқ, бірақ қосалқы бөлшектер аулаға ұшып кетті.

 

Видео авторы бұл оқиғаның Юбилейный шағын ауданындағы тоғыз қабатты ғимараттың ауласында болғанын айтады.

 

"Көлігімді тексеруге келдім. Бүтін сияқты. Аулада көлік жарылды. Дәлірек айтқанда, газ баллоны. Көлік Ресейде тіркелген. Міне, газ жабдығын осылай орнатып жүрміз. Ішінде ешкім болмаған. Құдай сақтады", - деп түсініктеме берген ер адам.

 

Полиция департаменті бұл фактіні растады.

 

"14 мамырда сағат 18.45 шамасында Volkswagen Golf автокөлігіне орнатылған газ баллоны жабдығы жарылды. Ол 37 жастағы Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі. Қазіргі уақытта автокөлік иесі Николаевка ауылында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр. Меншік иесінің айтуынша, ол газ жабдығын пайдаланбаған, оны 2020 жылдың маусым айында Көкшетау қаласында сатып алған. Автокөлік Қазақстанда 2017 жылдан бері пайдаланылып келген", - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ, полицейлер автокөліктің техникалық паспортында ГБО белгісі жоқ екенін атап өтті.

 

Автокөлік иесі келгеннен кейін тексеру жүргізіледі, деп түйіндеді ведомство.

 

 

 

 

 




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 18:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30