Көкшетауда мектеп ауласынан 18 жастағы қыздың денесі табылды

21 шілде 2023, 11:01

Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған бойжеткеннің денесі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы «Адырна» тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап жазды.

20 шілде күні сағат 9:50-де Әуелбеков көшесі 177 мекенжайы бойынша орналасқан №16 орта мектеп аумағында асылып тұрған қыздың денесі табылғандығы туралы ақпарат 102 желісіне телефон арқылы хабарланған.

 

«Шақыру орнына Көкшетау қалалық ПБ жедел-тергеу тобы бағытталды. Асылып қалған бойжеткеннің Көкшетау қаласының 18 жастағы тұрғыны екені анықталды. Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі «өзін өзі өлтіруге жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қолға алынып, сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде»,— деп түсіндірді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz