Көкшетауда мектептен табылған жарылғыш затты оқушы қыз жасағаны белгілі болды

25 мамыр 2022, 13:35

Көкшетаудағы №2 орта мектепте қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Полицейлер құрылғыны мектеп оқушыларының бірі жасағанын анықтады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісі Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

-Полиция қызметкерлері құрылғыны мектеп оқушыларының бірі (№2 орта мектеп. – ред.) жасағанын анықтады. Алдын ала белгілі болғандай, мұндай әрекетке қызды бұл оқу орнында оқуға құлықсыздығы себеп болған, деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

Ведомство бұл мәселе қосымша тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

 

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:

 

–  Кәмелетке толмағанды ​​профилактикалық есепке қою жөніндегі мәселені ювеналдық полиция қызметкерлері шешеді.

 

Еске салсақ, 24 мамыр күні сағат 17:50-де Көкшетау қаласындағы №2 орта мектептің шаруашылық меңгерушісі полицияға қоймадан қолдан жасалған жарылғыш затқа ұқсас зат – сым салынған қаңылтыр банка табылды деген хабармен жүгінген. Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, оқу орнынан барлығын – 20 мұғалім мен мектептің 10 техникалық қызметкерін сыртқа шығарды. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес анықталған құрылғыны орнында жою туралы шешім қабылданды – қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпсіз қашықтықта жарды.