Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көкшетауда моншада 3 бала уланып қалды

25 қазан 2021, 20:13

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына «химиялық затпен улану» диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған үш бала жеткізілді.

Көкшетаудағы монша кешенінде 7, 9 және 17 жас аралығындағы үш бала уланып қалды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. 

Оқиға 23 қазанда болған.

«Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына «химиялық затпен улану» диагнозымен 7, 9 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа толмаған үш бала жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі «…қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды» делінген хабарламада.