Оқиға

Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 2 бойжеткен құтқарылды

  • Көрнекі фото.  https://ask.fm/

    Көрнекі фото. https://ask.fm/

Көкшетауда жол полициясының қызметкері құрылысы салынып бітпеген ғимараттан секіріп көз жұмбақ болған екі бойжеткеннің өміріне араша түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 20 сәуір түнгі сағат 23:45 болған.

 

Омбы бағытындағы күре жолдың бойындағы құрылысы салынып бітпеген ғимараттан белгісіз қыздар секірмекші болған.

 

«Айтылған жерге бірден Көкшетау қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Айбек Балғожин бастаған «Әскер-6» автопатрулінің экипажы полицияның аға лейтенатты Асхат Оразғалиев және аға сержант Алтынбек Тәкенов жетті. Тәртіп сақшылары қыздарды сабырға шақырып, райынан қайтаруға тырысты. Анықталғандай, суицид жасамақшы болған қыздар көкшетаулық масаң күйде болған. Жастары 22 және 19 жастағы қыздар ата-анасы және жігіттерімен ұрысып қалған. Екеуі де емдеу мекемесіне жеткізілді», - деді ведомстводан.

 

 




Көрілген: 265    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 19:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30