Оқиға

Көкшетауға жақын жерде полиция басшысы жол апатынан көз жұмды

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысында полиция қызметкерлері жол апатына ұшырады. Соның салдарынан бір адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

31 мамыр күні таңертең Көкшетау қаласының маңындағы айналма жолда жеке көлік аударылды. Онда үш полиция қызметкері болған.

 

Облыстық полицияның баспасөз қызметі жол апатын жоққа шығармады.

 

Хабарламада Көкшетау қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысының көз жұмғаны айтылған. Марқұм 1990 жылғы ер адам.

 

Дәрігерлердің сөзінше, оқиға орнында қаза тапқан тәртіп сақшысының бас сүйегінде полимравма болған. Одан бөлек, 1993 жылы туған тағы бір полиция қызметкері көпсалалы облыстық ауруханада жатыр. Оның миы шайқалып, омыртқасынан жарақат алған. Үшінші тәртіп сақшысы ауруханаға жатудан бас тартқаны белгілі болды.

 

Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Облысқы ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы келген.

 

 

 




Көрілген: 940    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 14:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31