Оқиға

Қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің неден қайтыс болғаны белгілі болды

  • CC0 / bingngu93

    CC0 / bingngu93

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәрестені құтқаруға мүмкіндік болмады. Медицина қызметкерлері сәбиді неліктен аман алып қала алмағанын айтып берді.

Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына хабар түскеннен кейін жеті минутта жетіпті.

"Қоқыс жәшігінде енді ғана туған ұл жатты, оның басы пакетпен оралған болды. Шақалақ "клиникалық өлім" жағдайында еді. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысты, бірақ мүмкін болмады. Нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жергілікті "Алау" басылымына.

Кеше сәбидің денесін қоқыс жәшігінен Қостанай тұрғыны тауып алды. Құқық қорғау органдарының өкілдері оқиға орнына бірден жетті.

"Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерді аралап, тұрғындардан сұрастыруда. Бұған қоса, бейнекамера жазбалары қаралып жатыр. Іздестіру жұмыстарына кинолог мамандар да тартылды", - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шақалақтың анасы әлі табылған жоқ. Нәрестенің қашан және неден қайтыс болғанын сараптама анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

 sputnik




Көрілген: 716    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.11.2019, 15:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30