Оқиға

Көлік жүргізушісі үш баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаларды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Күні кеше әлеуметтік желі арқылы 14 ақпанда Түркістан облысы Жетісай ауданында жасы кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, оған кінәлі күдіктінің іздестіріліп жатқаны туралы ақпар таратылған болатын.

 

Бүгін міне жергілікті полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмысының нәтижесінде күдікті ұсталды.

 

Нақтырақ айтар болсақ, 14 ақпанда Жетісай аудандық полиция бөліміне ауруханадан түрлі дене жарақаттарымен үш бірдей кәмелет жасына толмаған балалардың жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

 

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер сол күні кешкі сағат 17:50 шамасында Жетісай қаласындағы С.Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік оңтүстіктен солтүстік бағытына қарай жүріп бара жатып, үш жасөспірім баланы соғып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады.

 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш бала да ауруханаға жеткізілді. Яғни 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақаттарымен емханада ем қабылдаса, небары төрт жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақатының салдарынан жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды.

 

Аталған жайт Жетісай аудандық полиция бөлімінде екі бірдей баппен, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және күдіктінің оқиға орнын тастап кеткені үшін ҚР ҚК-нің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Бұл қылмысты жедел ашу мақсатында аудан полицейлері күдіктіні анықтауға қатысты жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнын тиянақты тексерген тәртіп сақшылары сол орыннан белгісіз автокөліктің артқы жарық шамдарының сынықтары мен айна сынықтарын алды. Бұл заттардың &ldquoАуди-100&rdquo маркалы автокөлігіне тиесілі және көліктің түсі сұр-қара (мокрый асфальт) болуы ықтимал деп болжанып, іздестірілу жұмыстары жоғары деңгейде атқарылды.

 

Нәтижесінде оқиғаға қатысты күдікті ретінде жасы қырық шамасындағы Жетісай қаласының жергілікті тұрғыны құрықталды.

 

Полицейлердің көлікке қатысты жасаған болжамы да расталып, күдіктінің &ldquoАуди 100&rdquo маркалы автокөлігі бар екені анықталды.

 

Қазіргі уақытта ұсталған азамат қамауда, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал көлік айыптұраққа қойылды. Сараптамалар тағайындалды.

 

Осы тұста полицейлер ескертеді, оқиға орнынан қандай жағдай болса да қашып кетуге болмайды.

 

Сонымен қатар жол ережесін мұқият сақтау маңызды.

 

 




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30