Оқиға

Көлік қақ бөлінген: Қазақстанның солтүстігінде жол апатынан екі адам көз жұмды

  • Көлік қақ бөлінген: Қазақстанның солтүстігінде жол апатынан екі адам көз жұмды

    Көлік қақ бөлінген: Қазақстанның солтүстігінде жол апатынан екі адам көз жұмды

Аudi жолаушысы апат орнында қаза болды, осы көліктің тағы бір жолаушысы ауруханада жан тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Видеороликтің авторы автокөліктердің бірі қақ ортасынан бөлінгенін атап өткен.

Оқи отырыңыз: Алматы полициясы мылжа-мылжасы шыққан ондаған мәйіт туралы видеоға түсініктеме берді 

Полиция департаменті 5 мамырда шамамен сағат 13:00-де Тайынша қаласында жол қиылысында екі Аudi және Мitsubishi маркалы екі көлік жол апатына ұшырағанын хабарланды

"1987 жылы туған Audi көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Жол апатынан жарақат алған үш адам жедел жәрдем көлігімен Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілді, онда Audi-дің 1992 жылы туған жолаушысы қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.  
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейін айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.\




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 09:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30