Оқиға

Көлікпен бірге суға батып кеткен үш балалар оқиғасына қатысты жаңа дерек шықты

  • Фото: баспасөз қызметінен

    Фото: баспасөз қызметінен

Батыс Қазақстан облысында автокөлікпен бірге суға батып кеткен үш бала туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

 

 

«Қайтыс болған балалар Достық ауылында тұрған. 9 және 7 жастағы екі ұл &ndash ағайынды. Ал алты жастағы тағы бір бала басқа отбасының мүшесі. Екі ұлынан айырылған ата-ананың тағы бір кішкентайы бар.  Туыстарының айтуынша, олар әлі өз-өзіне келе алмай жатыр», - деп жазады басылым.

 

 

Туыстарының айтуынша, екі отбасы демалыс күні табиғат аясына шығып демалып, балық ауламақ болған. Ал автокөлікті биіктеу жерге қойған. Алдымен жүгіріп ойнап жүрген балалар кейін көлікте отырып телефон көрмек болған.

 

 

 

«Автомат басқарудағы көлік тұрақта тұрған, бірақ техникадан ақау шығып, көлік өздігінен суға жүріп кеткен. Бұл қас-қағым сәтте болды. Ата-аналар балаларын құтқаруға жүгіргенімен, көліктің есіктері бұғатталып қалды. Ал суда терезелерді сындыру мүмкін болмады. Бұл үлкен қайғы. Балалардың ата-анасын кінәлауға болмайды. Былай боларын ешкім білмеді. Оларға қазір оңай емес», - дейді балалардың туысы.

 

 

Оның айтуынша, алты жасар баланың отбасында тағы екі бала бар. Оқиға кезінде олар көлікке отырмаған. БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты ҚР ҚК 119 бабы бойынша («Қауіпті жағдайда қалдыру») қылмыстық іс қозғалған.

 

 

 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 03:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30