Оқиға

Көліктің бір топ адамды қағу оқиғасы: 8 студент пен 6 жасар бала ауруханаға түсті (видео)

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Хромтау орталық аудандық ауруханасына жедел жәрдем сегіз колледж студенті мен нөлінші сынып оқушысын жеткізген. Зардап шеккендердің алтауын үйіне жіберді, ал үшеуі ауруханада жатыр.


14 қыркүйек сағат 09.55-те Ваз 21140 көлігі бір топ адамды соқты. Ішінде 20 жастағы жігіт отырған. Ол көлік тұрағынан шығып бара жатып, рөлге ие бола алмай қалған.


"Жүргізуші жолдың шетімен жүріп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмаған балаларды, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттерін соқты", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.



Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне зардап шеккендедің жағдайы туралы айтып берді.


"Үш адам - 2001, 2002 және 2013 жылы туғандар жабық бас сүйек жарақатымен ауруханада жатыр. Жеңіл жарақат алған қалғандары үйлеріне жіберілді, олар амбулаторлық бақылауда", - деді дәрігерлер.


Адамдарды соққаннан кейін жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ полиция оны көп ұзамай ұстады.


Бұл факті бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 611-бабының 3-тармағы және 610-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.



611-баптың 3-тармағы бойынша айыпталушы жүз айлық есептік көрсеткіш (252 500 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе отыз тәулікке қамауға алынуы мүмкін.


Sputnik


 


Ал 610-баптың 3-тармағы бойынша 60 АЕК (151 500 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.


 


 


 




Көрілген: 725    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 14:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31