Комитет автоматпен қарақұйрық атып жүргендерге қатысты пікір білдірді (видео)

18 қараша 2020, 14:02

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті әлеуметтік желілердегі белгісіз адамдардың қарақұйрықты автокөлікпен қуып, атып жүрген видеоға қатысты пікір білдірді.

 

Әлеуметтік желілердегі белгісіз тұлғалардың қарақұйрықты автокөлікпен қуып, қарумен атып жүрген видеосына қатысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті келесіні хабарлайды.

 

Аталған видеодағы жерлерді және қарақұйрық аңын инспекция қызметкерлері мен «Охотзопром ӨБ» РҚК-ы «Кендірлі-Қаясан» мемлекеттік қорық аймағы инспекторлары зерттеп, қарады. Видео Маңғыстау өңірінде түсірілмеген, Қазақстанның территориясы емес. Қарақұйрық жергілікті жердің қарақұйрығынан өзгелеу. Сонымен бірге бұл видео әлеуметтік желіде 2019 жылы да тарағанын атап өткіміз келеді, - деп жазды Абай Сейфуллаұлы Facebook-тегі парақшасында.

 

 

 

BAQ.KZ