Оқиға

Кондуктор әйел автобустан құлап мерт болды

  • https://news.ykt.ru/

    https://news.ykt.ru/

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді. Кондуктор ашық тұрған есіктен құлап, көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оқиға 15 мамыр күні сағат 17:15-те тіркелді. «Паз» маркалы №11 бағыттағы автобус қаладағы «Әкімдік» аялдамасынан қозғалар кезде есігіп жаппай, жүріп кеткен. Сол кезде кондуктор құлап түсіп, бас-ми жарақатын алған.

 

«24 мамыр күні кондуктор жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасына, №403 кабинетке жолығуыңыз сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Көз жұмған Әйгерім Қарасаевның кәмелет жасқа толмаған 3 баласы бар. 33 жастағы жалғызбасты әйел қалада пәтер жалдап тұрған.

 




Көрілген: 453    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 19:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31