Оқиға

Қордайда бұзылған үйлер демеушілердің қаражатымен жөнделеді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Ақпан айында Қордайда болған қайғылы оқиға кезінден бүлінген тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жақында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты және Қарасу ауылдарында барлығы 40 тұрғын үй, 20 коммерциялық нысан және 5 шаруашылық құрылыстары өртенген. Бұл орайдағы барлық жұмыстар «Щивон» қайырымдылық қоры жинайтын демеушілік қаражат есебінен жүргізілетін болады.

Бүгінде өрттен зардап шеккен 39 отбасына облыстық резервтен жалпы сомасы 20,6 миллион теңге қаражат бөлінді.

 

Сондай-ақ, мемлекеттік материалдық резервтен тұрғын үй-жайларды қалпына келтіру үшін 26 тонна арматура, 16 750 м2 жабын материалы, 400 м3ағаш бөлінген.

Ал ішінара зақым алған жылжымайтын мүлік нысандары демеушілік қаражат есебінен қалпына келтіріліп үлгерілген.

 

Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық қорларына 22,5 млн.теңге түскен.

 

Қазіргі таңда қайтыс болған азаматтардың тоғыз отбасына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалған.

 

Сонымен қатар, қаза тапқандардың отбасыларына жалпы сомасы 8,2 миллион теңгеден астам қаржының демеушілік көмегі көрсетілген.

 

Ал, зақымдалған көлік иелеріне төленетін өтемақы көлемі қылмыстық істерге қатысты тергеулер аяқталғаннан кейін анықталмақ.

 

Жалпы, 11 ақпан мен 20 наурыз аралығында зардап шеккен отбасыларға 121,6 тонна көлемде гуманитарлық көмек көрсетілген десек, олардың ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, ыдыс-аяқ, гигиеналық және басқа да қажетті бұйымдар бар. Қазіргі уақытта аудандағы ахуал тұрақты.


 




Көрілген: 254    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31