Оқиға

Қордайдағы жол апаты: автобуста Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы-Ташкент тас жолында апатқа ұшырағандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жол апатында оқиға орнында 8 адам қаза тапты. 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді. Оның ішінде тағы үшеуі алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасында қаза тапқан 11 адамның ішінде 7 - Қазақстан азаматы, 3 - Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген зардап шегушілер арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар» делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, бүгін Алматы-Ташкент тасжолында ірі жол апаты болып, 11 адам қаза тапты. Қазір облыста жедел штаб құрылған.


Психологтар кезекшілігі қосылған «қауырт желі» +7 (7262) 513575 және +7 (7262) 514167 жұмыс істеп тұр. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


 




Көрілген: 834    Пікірлер: 0

сенбі, 20.04.2019, 16:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31