Оқиға

Қордайдай қақтығысы бойынша үкім оқылды: ең ауыр жаза Д.Батабасовқа берілді

  • https://www.azattyq.org/

    https://www.azattyq.org/

Таразда Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты 51 айыпталушыға сот үкімі оқылды. Ең ауыр жаза - 20 жыл түрме жазасы. Бір адам толық ақталып шықты.

 

Бірнеше адамға – 15- 20 жыл аралығында түрме жазасы берілген. Оларға "Адам өлтіру", "Жаппай тәртіпсіздік" бойынша айыптар тағылған. Жамбыл облысы сотының мәліметінше, 9 адамға – 5 жыл түрме жазасы берілген. 31 адамға шартты жаза немесе бостандықты шектеу жазасы тағайындалған: 24 адам шартты түрде бас бостандығынан айырылды, 7 адамның бостандығы шектелді.

 

– Сотталушы Ботабасов мылтықпен адамдар тобына оқ атып, нәтижесінде үш адам қаза тауып, төрт адам зардап шеккен. Ол жаппай тәртіпсіздікке қатысып, үш адамның өліміне, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Тоқабаев көлікпен бір топ адамды қаққан. Нәтижесінде жәбірленуші (атын атайды) оқиға болған жерде қайтыс болып, үш адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Сотталушы Тоқабаев жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін, екі адамнан көп адамды өлтіруге оқталғаны, атыс және өзге де заңсыз әрекеттері үшін 17 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Жамбыл облысы бойынша сот әкімшілігінің жетекшісі Берік Құлтасов сот үкімінен кейін өткен баспасөз жиынында.

 

1. Сейілханов, 83 жылғы – 272 бап (3-бөлік), "Жаппай тәртіпсіздік"


екі жылға бостандығы шектелді2. Серіков, 81 жылғы – 272-бап (3-бөлік)екі жылға бостандығы шектелді3. Есет Қалниязов – 272-бап (3-бөлік)екі жылға бостандығы шектелді4. Дастан Қалниязов, 91 жылғы – 272-бап (3-бөлік)екі жылға бостандығы шектелді5. Құдырет Мұхтарұлы – 272-бап (3-бөлік)екі жылға бостандығы шектелді6. Мейрамбек Рашидұлы – 272-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза7. Бақытжан Жолдасбекұлы – 272-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза8. Аян Бақытжан Әскербеков, 97 жылғы – 272-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза9. Шамиль Харсанов – 272-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза10. Жасұлан Мыңжасаров – 272-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза11. Нұрбол Асланұлы – 272-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза12. Алмас Әубәкіров – 272-бап (2-бөлік)5 жыл түрме жазасы13. Бақыт Мақсұтов5 жыл шартты жаза14. Мақсат Мажыраев – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза15. Саян Сапарбекұлы – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза16. Байке Құрманғазыұлы – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза17. Сағынтай Ишкеев – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза18. Шакир Мауров – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза19. Аидир Машанло5 жыл шартты жаза20. Бакир Дауров – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза21. Исмар Ушуров – 272-бап (2-бөлік)толық ақталды22. Закир Юнху – 272-бап (2-бөлік)6 жыл шартты жаза23. Ролан Шогелов – 272-бап (2-бөлік)5 жылға бостандығы шектелді24. Қуаныш Сәрсенбаев – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза25. Төлеген Балғабеков – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза26. Сапар Әлиев – 272-бап (1,2,3-бөлік)5 жыл түрме жазасы27. Мурат Қибеков – 272-бап (1,2,3-бөлік)3 жылға бостандығы шектелді28. Мақсат Чарабас – 272-бап (1,2,3-бөлік)5 жыл түрме жазасы29.Бақытбек Ибрагимов – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза30 Елдар Нұрәлі – 272-бап (1,2,3-бөлік)3 жылға бостандығы шектелді31. Саров Харки – 272-бап (2-бөлік)5 жыл шартты жаза32. Азамат Ториев – 272-бап (2-бөлік), 180-бап (3-бөлік).5 жыл түрме жазасы33. Ақжол Әлімбай – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы)5 жыл шарты жаза34. Нұржан Иманбаев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы)5 жыл шартты жаза35. Руслан Телғазиев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап (3-бөлік)5 жыл шартты жаза36. Әділет Бажанов – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік)5 жыл түрме жазасы37. Юсуп Шинху – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік)6 жыл шартты жаза38. Эрсе Дауров, – 272-бап (2-бөлік), 381-бап, (3-бөлік )16 жыл түрме жазасы39. Мадияр Жунусов – 272-бап (2-бөлік), 380-бап 1-бөлік5 жыл түрме жазасы40. Медет Тоқобай - 99- бап ( 2-бөлік), 272-бап17 жыл түрме жазасы41. Әнуар Оразай, 287-бап, 192-бап, 272-бап11 түрме жазасы42. Жұмахан Ботабасов, 99-бап (2-бөлік), 272-бап20 жыл түрме жазасы43. Ринат Иманғазиев, 192-бап, 272-бап7 жыл түрме жазасы44. Юбур Чиншанло, 99-бап, 272-бап16,5 жыл түрме жазасы45. Сангуй Шимар, 272-бап16,5 жыл түрме жазасы46. Ислам Зимуров, 272-бап, 99-бап5 жыл түрме жазасы47. Хижин Исмар, 272-бап5 жыл түрме жазасы48. Хижин Мухарме, 272-бап5 жыл түрме жазасы

49. Мадияр Кәрібаев, 272-бап


16,5 жыл түрме жазасы50. Мақсат Солтонаев, 272-бап, 287-бап, 97-бап17 жыл түрме жазасы51. Ерік Бәйтенов, 272-бап, 282-бап, 98-бап15,5 жыл түрме жазасы

 

51 айыпталушыға "Жаппай тәртіпсіздік" (272-бап), "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" (287-бап), "Қорқытып алу" (194-бап), "Қарақшылық" (192-бап) және "Адам өлтіру" (99-бап), "Сепаратистік әрекеттер" (180-бап), "Заңсыз қару-жарақ сақтау және алып жүру" (287-бап), "Әскери қызметкерлерінің өміріне қолсұғушылық" (380-бап), "Қарулы бүлік" (181-бап) бойынша айыптар тағылған. Айыпталушыларды шамамен 60 адвокат қорғады.

 

Бұл іс бойынша сот процесі желтоқсан айында басталған еді.

 

2020 жылы 7 ақпанда түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болған. Оқиға кезінде 11 адам қаза тапқан. Мыңдаған адам үй-жайын тастап, көрші Қырғызстанға қашуға мәжбүр болған. Қазақстан үкіметі кейінірек олардың көбі үйлеріне оралды деп мәлімдеген. Прокуратураның мәліметінше, Қордайдағы ұлтаралық жанжал кезінде 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам жәбірленуші деп танылған. 400-ден астам сараптама жүргізіліп, 1,5 мыңнан астам адам сұралған.

 

 

Қордайдағы жанжалдан кейін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов отставкаға кетті. Бірнеше жоғары лауазымды шенеунік қызметінен босатылды. Сол кезде премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған Бердібек Сапарбаев облыс әкімі болып тағайындалды. Жанжалдан кейін Қазақстан билігі 120-дан астам қылмыстық іс ашылғанын хабарлады.

 

Қордайдағы жанжалға байланысты айыпталған тағы жеті адамға үкім былтыр қыркүйек айында шыққан.

 

Ресейлік "Мемориал" орталығы былтыр мамыр айында жариялаған мақаласында Қордайдағы жанжал бойынша тергеудің біржақты әрі ашық емес жүргізіліп жатқанын айтып сынаған. Ұйым оқиғаны мұқият тергеуге шақырып, дүнген қауымдастығы өкілдерінің Қазақстан билігіне арнап жазған соған ұқсас үндеуін жариялаған. Онда ұсталғандардың азапталғаны жайлы да дерек бар.

 

 

 

azattyq.org




Көрілген: 903    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.04.2021, 19:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30