Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды – СІМ

18 қазан 2021, 19:27

Корея республикасының Чонджоу қаласында екі қазақстандық азамат өзара жанжалдасып, оның салдарынан біреуі мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровке сілтеме жасап хабарлады.

 

«2021 жылғы 12 қазанда Чонджу қаласында (Корея Республикасы) Қазақстарнның екі азаматы арасында болған тұрмыстық жанжалдың салдарынан біреуі пышақ жарақатын алып, соңынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта кісі өлтірді деген күдікті Қазақстан азаматы тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды. Сеулдегі ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі марқұмның денесін Қазақстанға жіберу мәселесін шешіп жатыр», - деп мәлім етті Айбек Смадияров.

 

Оның айтуынша, аталған қазақстандық азаматтар Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген.