Оқиға

Қорғалжында ер адам бұрынғы әйелін кепілге алды

  • © Public Domain

    © Public Domain

Ақмола облысы Қорғалжын ауылында ер адам өзінің бұрынғы әйелін кепілге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Оқыс оқиға 22 сәуірде болған. Қорғалжын полиция бөлімшесіне таңғы 9:35-те аудандық білім бөлімінде қолында суық қаруы бар ер адамның бұрынғы әйелін кепілге алғандығы туралы хабар келіп түскен. Жәнтіке ауылының 33 жастағы тұрғыны білім бөлімі директорының кабинетінде бұрынғы әйелін кепілге алады. Ол балаларын қайтаруды, одан соң ғимараттан аман-есен шығу үшін көлік талап еткен.


Полицейлер шалт қимылдап, 1 сағат ішінде 31 жастағы әйелді босатады.


Алдымен полиция ғимаратты қоршауға алған. Содан кейін кепілге алушыны танитын Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері онымен тікелей байланысқа шығады.


"Күдікті қолға түсіп, қолындағы мылтығы мен пышақ тәркіленді. Тегіс ұңғымалы мылтыққа күдіктінің рұқсат қағазы бар. Кепілге алынған әйел босатылды. Оны дәрігерлер қарап, денесінен ешқандай жарақаттың іздерін тіркемеді" , - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.


Кепілге алынған әйелді босату кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.


Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 261-бабы "Кепілге алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 




Көрілген: 373    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 16:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31