Оқиға

Қорғаныс министрлігі: Сарбаз қайтыс болған әскери бөлім бізге қарамайды

  • https://kznews.kz/

    https://kznews.kz/

Бүгін KzNews сайтында «Кешіру мүмкін емес»: қоғам қайраткері Ермекбаевтың отставкаға кетуін талап етті» атты ақпарат жарияланды.

 

Қорғаныс министрлігі аталған ақпаратқа жауап берді.

 

«ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеген сарбаз Еркебұлан Сейілхановтың қайтыс болуы мен оны жерлеуге қатысты таралған ақпаратты ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі төмендегіні хабарлайды.

Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімі Қорғаныс министрлігінің бөлімдері мен құрамаларына жатпайды. Сол себепті Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұлан әскери қызметшісінің қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы ақпарат бере алмайды. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері қайтыс болған Еркебұлан Сейіловтің денесін жеткізу мен жерлеу рәсімдеріне қатысқан жоқ.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-каналы арқылы әскери ведомство басшылығының және Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің атынан қайғылы жағдайда қайтыс болған сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Өзіне-өзі қол жұмсау – қоғамдық денсаулық пен әлеуметтік әл-ауқаттың өзіндік көрсеткіші. Бұл жеке ұжымның ғана емес, қазіргі қоғамның да, оның ішінде әскери ұжымның да өзекті мәселесі» дейді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

 




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 02:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31