Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қорғаныс министрлігі ұшаққа қатысты тараған ақпаратқа түсініктеме берді

19 тамыз 2020, 09:09

Ұшақ шын мәнінде Қорғаныс министрлігінің балансында, әуежайда ұшақты жөндеу жұмысы жүріп жатқаны хабарланды

Қорғаныс министрлігі Новосібір әуежайындағы қанаты зақымданған ұшақ туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Қазақстанның әскери-әуе күштерінің ұшағы Ресейдің Новосібір қаласында "ОО S-7 ИНЖИНИРИНГ"-те жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстары кезінде фюзеляж бөліктері мен агрегаттары алынған. Бұл сенсациялық жағдай емес", - деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында "Толмачево" (Новосібір) әуежайында тұрған қазақстандық ұшақ туралы ақпарат тараған болатын.

Әуе кемесі Қазақстанның әскери-әуе күштеріне тиесілі екені, Kazakh Air Force ретінде рейс жасайтыны жазылған еді.

 

sputniknews.kz