Оқиға

«Коронавирус геноциді» туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды - ІІМ

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Екібастұзда әлеуметтік желіге коронавирус індеті жайлы жалған мәлімет таратқан 53 жастағы әйел әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«YouTube видеохостингінде автордың Екібастұзда «геноцид» жүріп жатқаны туралы айтқан сөзі жарияланды. Автор дәрігерлердің коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың саны туралы статистиканы өтірік түзетінін айтқан. Тұрғындар осы ақпаратты бір-біріне белсенді түрде тарата бастады. Алайда бұл ақпарат шындыққа сай келмейді», - деп хабарлайды ІІМ-нен.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Құқық қорғаушылар видеоны зерттей келе 53 жастағы Екібастұз қаласының тұрғынын ұстапты. ҚР ӘҚБжК-ның 478-бабы (Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотта қаралады.

 

«Артынша аталған азамат бұрын айтқан мәліметтерін жоққа шығарып, қайтадан видео жариялады. Осыған дейін жалған ақпарат тарату фактісі бойынша 14 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.


 

 




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 18:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30