Оқиға

Коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан әйел қамалды

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Солтүстік Қазақстанда коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.

 

"Ақмола облысының тұрғыны коронавирус жұқтырған науқастардың Нұр-Сұлтаннан Ақкөл қаласына көшіріліп жатқаны туралы хабарлама таратқан. Өз туысына аудио жазба жіберген 48 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды", - делінген ақпаратта.

 

Сонымен қатар жалған ақпаратты әрі қарай мессенджер арқылы таратқан әйелдің туысы да қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирус жұқтырған әйел санитарлық қызмет жұмысына кедергі келтіріп, ауру жұқтырғаннан кейін кімдермен араласқанын жасырған болатын. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 304-бабы (Санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша іс қозғалды.

 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын айтқан болатын.

 

"Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады", - деді президент.
Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда тоғыз адам коронавирус жұқтырған, екеуі – Нұр-Сұлтан қаласында, жетеуі – Алматыда. 1 641 адам станционарлық карантинге алынды, 981 адам үй жағдайындағы карантинде жатыр.

 

sputnik

 

 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30