Оқиға

Коронавирус туралы әзілі үшін полицей жұмысынан кетті

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы интернетте пайда болған бейнежазбадағы әрекеті үшін қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Учаскелік полицей жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алса керек.

Сол жерді ол телефонына түсіріп, жазбаны WhatsApp мессенджері арқылы танысына жібереді.

Алдымен орган өкілі спиртті еденге төгіп, оған от қояды.

 

Бейнежазбада полиция қызметкері жанындағы адамдарымен тапқан “олжаны” сөз етіп, “осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес” деп пікір білдіреді.

 

Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтап, қызметінен босатты.

 

Бейнежазбаның өзі “Одноклассники” әлеуметтік желісінде таралып кеткен.

 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30