Оқиға

Көршісінің күбісін ұрлаған ер адам ұятқа қалды

  • Көрнекі фото: kr.informator.ua

    Көрнекі фото: kr.informator.ua

Түркістан облысында көршісінің үйінен электрондық күбі ұрлаған ер адамның қылмысы әшкере болды. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жетісай‌ ‌аудандық полиция бөліміне ‌жергілікті‌ ‌тұрғын‌ ‌әйел‌ ‌арызданып‌ ‌келген.‌ ‌Ол ‌белгісіз‌ ‌біреу‌ ‌түнгі‌ ‌уақытта‌ ‌ауласына‌ ‌кіріп,‌ ‌асханасында‌ ‌тұрған‌ ‌электрондық‌ ‌күбісін‌ ‌жымқырып‌ ‌кеткенін‌ ‌айтқан.‌‌

 

Арызданушыға 15 мың теңге шығын келтірілген.

 

Полицейлер "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ұрының алыстан келмегенін түсінген. Маңайдағылардан түсініктеме алған полицейлер көршісінің ұрлық жасағанын анықтаған. ‌ ‌

 

Күдікті ұрланған күбіне үйіне жасырып қойған екен. Ер адам өз кінәсін толық мойындаған. Айғақ зат ретінде тәркіленген электрондық күбі иесіне қайтарылған.

 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Күдікті ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған.

 

 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.03.2021, 00:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30