Оқиға

Қос азаматтығы бар адвокат лицензиясынан айырылды

  • © inbusiness.kz

    © inbusiness.kz

ҚР Әділет министрлігі Ерлан Газымжановтың адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының қолданысын тоқтатты, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Бұдан бұрын Қылмыстық-процестік кодексті, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңды және Адвокаттардың кәсіби этика кодексінің нормаларын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін Е.Газымжановты лицензиядан айыру туралы Министрліктің талабын сот қанағаттандырды.

 

Е.Газымжанов бірінші сатыдағы соттың осы шешіміне апелляциялық шағым берген.

 

Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарау барысында Е. Газымжановта Ресей Федерациясының азаматтығы бар екендігі туралы ақпарат Әділет министрлігіне белгілі болды. Қазақстанның азаматтығын алуға дейін өтініш бергенге дейін Газымжановта тегі басқа – Махмутов болған.

 

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы тіркелген. Өз кезегінде, бұл адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияны тоқтатуға әкеп соғады. Алайда, азаматтықтан айырылуына байланысты лицензияны тоқтату соттың емес, Әділет министрлігінің айрықша құзыретіне жатады.

 

Осы жағдайларды ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының азаматтық істер жөніндегі алқасы Е. Газымжановтың іс-әрекеттерінде өрескел бұзушылықтардың орын алғанын анықтап, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойды.

 

Сонымен қатар, БАҚ-та Астрахан облысы Тергеу комитеті мен прокуратурасының лауазымды тұлғалары жария еткен Красноярский кеден бекетінің 13 қызметкерін қылмыстық жауапкершілікке тарту және Е. Махмутовқа (кеден бекетінің қызметкері ретінде) іздестіру жариялау туралы ақпаратын назарға ала отырып, апелляциялық сатыдағы сот азаматтық қабылдау кезінде бұзушылықтардың, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілерінің бар-жоғын тексеру туралы жеке ұйғарым шығарды. 




Көрілген: 614    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 12:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31