Көшеде эротикалық би билеген астаналық ару көпшіліктің ашуына тиді

06 сәуір 2018, 18:06

Желіде белгісіз бойжеткеннің автокөлік алдында жеңіл киіммен эротикалық би билеп тұрғаны видеосы тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бейнежазба Instagram-дағы kazakh_info парақшасында пайда болған. Онда қысқа белдемше мен жеңіл жейде киіп алған белгісіз ару қос автокөліктің арасында эротикалық би билеп жатқанын көруге болады.

Астанада күн райы әлі де суық екенін ескерсек, бойжеткеннің не себепті жеңіл киініп алғаны да белгісіз.
Желі қолданушылары бейнежазбаны әп-сәтте-ақ сынап тастады. Олар «екінші Байзақова», «қазақ қызына сай қылық емес», «айыппұл салу керек» деген пікірлерін жаудырып жатыр.