Көшеде полиция көлігі өртке оранды (видео)

04 қазан 2021, 08:55

Желіде өртеніп жатқан полиция көлігінің видеосы жарияланды. Кадрлар Атырауда түсірілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Кадрлардан көлік қала көшелерінің бірінде жанып жатқанын көруге болады. Автомобиль жанында өртсөндіргіштер тұр.

 

 

Атырау полиция департаменті өкілдері оқиға 1 қазанда сағат 18.30-да Азаттық көшесінде болғанын хабарлады.

 

"Nissan Almera автокөлігінен өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт тұйықталу салдарынан болған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.