Оқиға

Қостанай облысында 6 келіден асатын алып бала өмірге келді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қостанай облысында салмағы 6,1 келі, бойы 57 сантиметр болатын нәресте дүниеге келді.

 

Нәресте Рудныйдағы қалалық көп салалы ауруханада 1 қазанда дүниеге келді. Нәрестеге Елжан деген есім берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алауға сілтеме жасап.

 

Рудный қалалық көп салалы ауруханасының акушерлік-гинекологиялық бөлімінің меңгерушісі Людмила Тулебаева айтқандай, өзінің көп жылдық тәжірибесінде мұндай көп салмақтағы баланы бірінші рет көрген.

 

«Салмағы 5800 грамм, 5900 грамм болған балалар өмірге келді, бірақ одан көп салмақтағы баланы көрген жоқпын. Бұл отбасындағы төртінші бала. Алғашында баланың алып екені анықталды. Сондықтан кесарево отасы жасалды», - дейді Людмила Тулебаева.

 

Ананың айтуы бойынша, босану асқынусыз жүрді, бірақ қиын болған.

 

«Мен баламның үлкен болатынын білдім, бірақ соншалықты алып болады деп ойламадым. Алғашында маған ұлымның салмағын айтқан кезде сенбедім. Бірінші балалардың салмағы бес келіге жетпеген еді. Бірінші бала - 3800 грамм, екіншісі - 3890 және үшіншісі 4670 грамм салмақпен туды», - деді 35 жастағы Динара Ержанова.

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 14:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30