Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қостанай облысында 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, кейіннен өз-өзіне оқ атқан

29 желтоқсан 2017, 17:41

Қостанай облысында 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, кейіннен өз-өзіне оқ атқан, - деп жазады "Костанайские новости". Дереккөздің мәліметінше, ер адам әйелді басқа біреумен хат жазысқаны үшін өлтірген.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл мәліметті растады.

"28 желтоқсанда Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылынан бес шақырым жерде ішінде әйел мен ер адамның денесі жатқан Chevrolet Niva көлігі табылған. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60 жастағы ер адамның 47 жастағы әйелге оқ атып, кейіннен өзін-өзі атып өлтіргені анықталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Тengrinews.kz