Қостанай облысында аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары мен оның күйеуі жол апатында көз жұмды

10 желтоқсан 2021, 17:39

Қостанай облысында жол апатынан екі адам көз жұмды. ГАЗ-53 автокөлігі алдында кетіп бара жатқан Volkswagen-ді қыстырып алған. Оның жүргізушісі көлігін бөлек алып шыққанымен, жүк көлігі қарсы жолаққа шығып, ВАЗ-2106-мен соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Qostanai Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
ГАЗ-53 жүк көлігі арақашықтық сақтамаған. 

Соққының қатты болғаны соншалық, көлік жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал оның жұбайы - Меңдіқара ауданындағы орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Елена Комарова жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген, алайда есін жимастан көз жұмған. Жұбайлардың артында кәмілеттік жасқа толмаған үш баласы қалды.

Жүк көлігімен соқтығысу барысында Volkswagen жолаушысының миы шайқалған, қазіргі уақытта ауруханада жатыр. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол апатының мән-жайы анықталуда.