Қостанай облысында құдықтан сәбидің өлі денесі табылды

04 сәуір 2018, 12:45

Кеңарал ауылындағы құдықтардың бірінен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2031 әскери бөлімінің қызметкерлері сәбидің өлі денесін тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біздің бөлімшенің әскери қызметкерлері ол жерден су алады. Әскери қызметкерлердің бірі құдыққа шелек салған кезде сәбидің денесін байқайды. Ол құдық ішінде сәби емес, қуыршақ жатыр деп ойлап қалған. Құдық түбінде қуыршақ емес, баланың бұзыла бастаған денесі жатқан. Бұл жағдай кеше, сағат кешкі 19.00-20.00 шамасында болды», - деп хабарлайды бөлім командирінің орынбасары Р.Важитов.

Оның айтуынша, ол жерге бірден әкімдік пен құқық қорғау органы қызметкерлері келген. Бұл жағдайға қатысты ІІД әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.