Оқиға

Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

  • https://smoldaily.ru/

    https://smoldaily.ru/

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының із-түзсіз жоғалып кеткен үш тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік Пд баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«Үш адамның денесі табылды. Олардың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмайды. Жасалған сараптама нәтижесі олардың суықтан үсіп қайтыс болғанын көрсетіп отыр» делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

 

Бұған дейін аудандық полиция бөліміне Аманқарағай ауылының 46 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол 2020 жылдың 20 қарашасында үйден шығып, сол күйі хабарсыз кеткен күйеуі — 49 жастағы Луковенко Сергей Леонтьевичке іздеу салған. Оның денесін 2021 жылғы 19 сәуір күні жергілікті тұрғын тауып алған.

 

Сондай-ақ, 19 ақпан күні Диевка ауылының 35 жастағы тұрғыны Феоктистов Юрий Николаевич жоғалып кеткен. Оны да әйелі іздеп, полицияға хабарласқан. Марқұмның денесін 19 сәуір күні жергілікті кәсіпорынның жұмысшысы тауып алды.

 

Сондай-ақ, 19 сәуір күні полиция қызметкерлері жүргізген іздеу жұмыстарының нәтижесінде Құсмұрын ауылының маңынан Мифтахова Валентина Антоновнаның денесі табылды. Ол биыл 6 наурызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

 

 




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 11:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30