Оқиға

Қостанайда 17 жастағы жігітті 3 аптадан бері "су астынан, жер бетінен" іздеп жатыр

  • Қостанайда 17 жастағы жігітті 3 аптадан бері

    Қостанайда 17 жастағы жігітті 3 аптадан бері "су астынан, жер бетінен" іздеп жатыр

Қостанай облысының Алтынсарин ауданында 19 күн бойы із-түзсіз жоғалған Руслан Жуванышевті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Тобыл Инфоға" сілтеме жасап.

Руслан

Полиция қызметкерлері, еріктілер мен ТЖД қызметкерлері су астынан де және жер бетінен де 17 жастағы бозбаланы іздеп жатыр.

 

Сүңгуірлер аудандағы төрт көлден іздеді, қамыс арасын тексерді, бірақ ешбірі нәтиже бермеді. Бірнеше күн бойы дрондар ұшып, адамдар аумақты тінтіп шықты, бірақ бұл да нәтиже берген жоқ.

""Көптеген орындарды бірнеше рет тексеріп өттік. Алғашқы күндері барлық жергілікті тұрғындар шықты", - дейді учаскелік полиция қызметкері Темірлан Ағыбаев.

Оның сөзінше, жігіттің теріс қылықтары болмаған. 

"Не болғанын түсіне алмаймыз", - деді Темірлан Ағыбаев.

Із-түссіз жоғалған жігіттің туыстары көріпкелдер мен балгерлерге барған, олар жігіт жақын арада табылады дегенмен, әлі ешқандай хабар жоқ екен. 

Русланның анасы абыржулы. Қақпаның әр дыбысына елеңдейді. Жігітті Карина есімді қарындасы да күтіп жүр. 

Руслан сәуірдің 28-нен 29-на қараған түні жоғалып кеткен. Ол кезде достарымен балық аулауға барған. Ұялы телефоны арқылы соңғы қоңырау сағат 00:18-де болған, досы хабарласқан. 

Руслан Жуванышев Сарыкөл колледжінде оқыды. Сәуір айында төтенше жағдай салдарынан үйінде болған.

Басылымға белгілі болғандай, "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

 




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 09:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31