Қостанайда 20 жастағы жігіт 11 күннен бері табылмай жатыр

27 қазан 2020, 02:14

Қостанайлық полицейлер 2000 жылы туған жігітті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«2000 жылы 23 шілде күні туған Ганя Олег Викторовичке іздеу салынды. Ол 15 қазан күні Бағаналы ауылынан И.Павлов атындағы ауылға шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Қостанай қаласында жүруі мүмкін» делінген ведомство ақпаратында.

 

Полицейлер жоғалып кеткен жігітке қатысты ақпаратты жариялады.

 

Оның бойы &ndash 175 сантиметр, орта денелі, шашы ақшыл, көзі сұр-көк түсті. Үстінде көк түсті камуфляж костюмі болуы мүмкін.

 

Жоғалған адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар адамдар мына телефондар бойынша хабарласа алады: 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 немесе «102».