Оқиға

Қостанайда 23 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

  • © CC0

    © CC0

Қостанай облысының полиция департаменті қызметкерлері ізім-ғайым жоғалып кеткен 23 жастағы жігітке іздеу жариялады.


Қостанай полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде 1995 жылы туған Дүйсенов Елдос Дәуренұлының жоғалып кетуіне байланысты іздеу ісі қозғалды, деп хабарлайды alau.kz порталы.


Полицияның мәліметіне сүйенсек, 2019 жылдың 20 қаңтарында 23 жастағы жігіт үйден шығып, қайтып оралмаған. Туыстары Елдоспен хабарласа алмай қояды.


Сырт келбеті: Бойы 180-185 сантиметр, арық денелі, қоңыр көзді, қара шашты. Жоғалып кеткен күні үстіне көк спорттық аяқ киім, қара түсті күрте киген.


Ерекше белгілері: Сол иығында татуировканың орнында қалған тыртық бар. Жүрек тұсында иероглиф пішіндес татуировка салынған.


Жас жігіттің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білген болсаңыз, келесі нөмірлерге хабарласа аласыз: 8 702-492-99-92, 8 747-655-21-63, +7 (7142)52-68-61 немесе 102.


Sputnik


 


 




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30