Қостанайда 33 жастағы ер адам жұмысқа кетіп, қайта оралмаған

30 мамыр 2022, 09:56

33 жастағы Қостанай тұрғыны Григорий Волков 2022 жылдың 16 мамырында жұмысқа кетіп, іс-түссіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qostanay.TV басылымына сілтеме жасап. 

Еріктілердің мәліметінше, Григорий Волков "Железобетонщик" бау-бақша серіктестігінде тұрады. 

Григорий үстіне ақ жемпір, қара түсті шалбар киген. Дене бітімі орташа, бойы 165-170 сантиметр. 

Еріктілер Григорий Волков туралы ақпарат білетін адамдар болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.