Оқиға

Қостанайда аула сыпырушы қоқыс жәшігінен сәби тауып алды

  • "Астана" арнасынан алынған кадрлар

Қостанай полициясы жаңа туға нәрестені қоқыс жәшігіне тастап кеткен көкек ананы іздестіруде. Кіндігі кесілмеген сәбидің денесін аула сыпырушы тапқан. Нәресте пакеттің ішінде жатып, суықтан қайтыс болған деп хабарлайды   KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға жайлы Геннадий Леонов көзіне жас алып отырып, баяндап берді. Айтуынша, ол пакетті жексенбі күні таңда "Аэропорт" шағынауданындағы 5-үйдегі қоқыс жәшігінен тауыпты.

"Жақындасам, мына жәшіктен аяқ шығып тұр екен. Ішін ашсам, жаңа туған нәресте екен, кіндігі де кесілмеген. Бірден диспетчер бөлмесіне жүгірдім", - деді Геннадий Леонов.

Жаңа туған сәбиді көрші үйдің тұрғыны да көрген. Ол жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған. Медицина қызметкерлері келген кезде нәресте жан тәсілім еткен. Болжам бойынша, ол суық ауа райында бір сағаттан астам уақыт жатқан.

"Клиникалық өлім, реанимациялық шаралар жасалды. Өкінішке қарай, сәтсіз. Сәби уақытында дүниеге келген, кіндігі кесілмеген", - деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Аталған факті бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баласын тастап кеткен көкек ана әлі анықталған жоқ.

"Полиция қызметкерлері жақын маңдағы барлық үйлерді аралап, бейнебақылау камераларын қарап шықты, кинологтар да жұмысқа тартылды, - деп хабарлады облыстық ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұрлан Арыстанов.

Оқиға куәгерлері де әлі анықталған жоқ. Шағын аудандағы ебйнебақылау камералары барлық жерді түсірмейді. Полицейлер көкек ана жайлы қандай да бір ақпарат білуі мүмкін қостанайлықтарға сенім артып отыр.

 




Көрілген: 431    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.11.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31