Оқиға

Қостанайда әйел мен нәрестені көлік қағып кетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қостанай қаласында автомобиль тротуарда келе жатқан әйел мен нәрестені қағып, салдарынан екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кеше кешке «102» нөміріне қаладағы Қайырбеков-Киевская көшелерінің қиылысында «ВАЗ-21102» маркалы көліктің баламен жүрген жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түстін.

 

«ВАЗ-21102» көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Қайырбеков көшесімен келе жатып, көлігін басқара алмай, тротуарға шығып кетіп, онда баламен келе жатқан әйелді қағып кеткені анықталды. Жедел жәрдем қызметі оқиға салдарынан зардап шеккен жергілікті 43 жастағы әйелді қалалық ауруханаға жеткізді. Сегіз айлық сәби де дене жарақаттарын алған», - деп түсіндіріп өтті департаменттен.

 

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 1-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары басталды.

 

 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31